Жаңаөзенде Теңге әулие қорымында тазалық жұмыстары жүргізілді
Жаңаөзен қаласындағы Теңге әулие қорымында мешіт жастарының қатысуымен тазалық жұмыстары жүргізілді.
Игі шараның мақсаты – қорым аумағын таза ұстау, марқұмдарға құрмет көрсету және жастардың бойында тазалық мәдениеті мен қоғамдық жауапкершілікті қалыптастыру.
Тазалық жұмыстарына атсалысқан мешіт жастары қорым аумағын ретке келтіріп, сауапты іске өз үлестерін қосты. Мұндай игі бастамалар өскелең ұрпақты ізгілікке, жанашырлыққа және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелейді.
Тазалық – мұсылманның көркем мінезі мен мәдениетінің көрінісі. Қоғамдық орындарды таза ұстау, марқұмдарға құрмет көрсету – баршамызға ортақ міндет.
Алла Тағала сауапты іске атсалысқан барша азаматтардың еңбегін қабыл етіп, жақсылығын еселеп қайтарсын!
