Сайын Шапағатов ауылдық мешітінде сенбілік өтті
Түпқараған ауданына қарасты Сайын Шапағатов ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен сенбілік өтті.
Дініміз ислам тазалыққа өте қатты көңіл бөліп, оның маңыздылығын жан-жақты түсіндіреді. Ерікті, еріксіз құлшылықтардың барлығы тазалықтан басталады. «Тазалық – иманнан» деген xадисті ескере отырып, сенбілік тазалыққа мешіт қызметкерлері мен мешіт жамағаты ат салысты.
