РАНТ мүшесі Түпқараған аудандық мешітінде насихат айтты
ҚМДБ РАНТ мүшесі,дін педагогикасы және психология ғылымдарының докторы Жандос Орынбайұлы Маңғыстау облысына арнайы іссапармен келді.
Іссапар барысында Жандос Орынбайұлы Түпқараған аудандық орталық мешітінде жамағатпен жүздесіп, тағылымды уағыз айтты.
Кездесу барысында РАНТ мүшесі мұсылман қауымы арасындағы ауызбіршілік пен бірліктің маңызына тоқталып, өзара бауырмалдық, татулық пен сыйластықтың адам өміріндегі және қоғамдағы орны жайында насихат айтты.
Сондай-ақ Құран аяттары мен хадистер негізінде бірліктің берекеге бастайтынын айтып, жамағатты өзара түсіністікке, кешірімділікке және ынтымаққа шақырды.
