РАНТ мүшесі Қарақия аудандық мешітінің жамағатымен жүздесті
ҚМДБ РАНТ мүшесі, Дін педагогикасы және психология ғылымдарының докторы Жандос Орынбайұлы Маңғыстау облысына арнайы іссапары аясында Қарақия аудандық орталық мешітінің жамағатымен жүздесті.
Кездесу барысында РАНТ мүшесі жамағатқа ауызбіршілік пен ынтымақтың маңыздылығы, қоғамдағы татулық пен бірлікті сақтау жөнінде тағылымды уағыз-насихат айтты. Сонымен қатар, Ислам дінінің адамдар арасындағы өзара сыйластықты, бауырмалдықты және ел бірлігін нығайтуға үндейтіні кеңінен насихатталды.
Жүздесу соңында жамағат көкейлеріндегі сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
