blog Images

РАНТ мүшесі ҚАЖ мекемесінде насихат айтты

ҚМДБ РАНТ мүшесі, дін педагогикасы және психология ғылымдарының докторы Жандос Орынбайұлы Маңғыстау облысына арнайы іссапары барысында ҚР ІІМ ҚАЖ Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД №77 мекемесінде жазасын өтеуші азаматтармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Жандос Орынбайұлы жиналғандарға «Ханафи мәзһабы» тақырыбында тағылымды насихат айтты.

Дінтанушы Ханафи мәзһабының тарихына тоқталып, оның қазақ халқының дәстүрлі діни ұстанымымен сабақтастығы жайлы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтауда дәстүрлі діни құндылықтарды ұстанудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында жазасын өтеуші азаматтар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, маманнан тұшымды жауаптар алды. Шара соңында қатысушылар мұндай рухани кездесулердің адам өміріндегі тәрбиелік мәні зор екенін жеткізді.