blog Images

РАНТ мүшесі дін қызметкерлеріне арнайы семинар өткізді

ҚМДБ «Діни оқу-ағарту»бағытына сәйкес Мұнайлы ауданы, Батыр ауылдық  «Келімберді ахун»мешітінде дін қызметкерлерінің біліктілінін арттыруға арналған оқу семинары өтті.

Семинарға  қала, аудан және ауыл имамдары, наиб имамдар мен ер ұстаздары қатысты.

Семинар барысында ҚМДБ РАНТ мүшесі, «Халифа Омар» мешітінің имамы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Ырысбаев Жандос Орынбайұлы «Ислам психологиясы» тақырыбында арнайы дәріс оқыды.

Кездесуде ислам психологиясының ерекшеліктері, адамның рухани және психологиялық саулығы, имамдардың жамағатпен жұмыс жүргізудегі психологиялық тәсілдері мен қоғамдағы өзекті мәселелер кеңінен сөз болды. Қатысушыларға діни қызмет барысында кездесетін түрлі жағдайларға қатысты пайдалы мәліметтер беріліп, тәжірибелік кеңестер ұсынылды.

Семинардың негізгі мақсаты – имамдар мен ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру, діни білімдерін жетілдіру және өзара тәжірибе алмасу.

Тағылымды басқосу қатысушылардың білімін толықтырып, діни қызметтегі тәжірибелерін шыңдауға бағытталды.