blog Images

«Қосай ата»мешітінде ҚМДБ құжаттары насихатталды

Жаңаөзен қаласына қарасты Теңге ауылдық «Қосай ата» мешітінде  ҚМДБ-ның «Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеу» құжатының мазмұны жамағатқа түсіндірілді.

Насихат жұмысын мешіттің бас имамы Нұрмұхаммед Бахарамұлы жүргізіп, құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеудің маңызына тоқталды.

Бас имам құдайы ас жарыс емес, сауапты іс екенін айтып, ас беруде бәсекелестікке, даңғазалық пен ысырапшылдыққа жол бермеу керектігін жеткізді. Сондай-ақ, қарапайымдылықты ұстанып, игі істің негізгі мақсаты марқұмға дұға бағыштау екенін атап өтті.