blog Images

Маңғыстау аудандық ардагерлер үйінде ҚМДБ құжаты насихатталды

Маңғыстау аудандық Ардагерлер үйінде ҚМДБ қабылдаған «Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеу» құжаты негізінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында Маңғыстау аудандық мешітінің бас имамы Ербол Айдарұлы қарияларға аталған құжаттың мазмұнын таныстырып, құдайы ас берудегі шариғи талаптар мен әдеп-ғұрып мәселелерін түсіндірді.

Сонымен қатар, ас беру кезінде ысырапшылдыққа жол бермей, қарапайымдылық пен берекені басты орынға қоюдың маңыздылығын атап өтті.