«Ар-Рахман»мешітінде 10 отбасыға қайырымдылық көмек берілді
Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінің ұйымдастыруымен әлеуметтік жағдайы төмен 10 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді.
Игі шара аясында әр отбасыға 5 келіден ет таратылып, тұрмыстық қолдауға мұқтаж жандарға көмек берілді.
Қайырымдылық шарасының мақсаты – мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетіп, қоғамда мейірімділік пен өзара жәрдемдесу құндылықтарын дәріптеу.