blog Images

«Оразамағанбет ахұн» мешіті:100 бүлдіршінге Құрбан айт тәттілерін үлестірді

Құрбан айт мерекесі қарсаңында Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінің ұйымдастыруымен 100 бүлдіршінге Құрбан айт тәттілерін үлестірілді.

Халқымызда «Қуантқың келсе — баланы қуант, берсең балаға бер! Олар бергеніңді шарықтаған шаттықпен, шынайы ниетпен қабылдап, риясыз қуана алатын жандар – балалар» деген даналық бар. Ұлы мерекеге орай,бүлдіршіндерге  көңіл күй сыйлап, рухани тәрбиеге баулу мақсатында айттық тәттілері үлестірілсе, және  бүлдіршіндерге тегін балмұздақтар таратылды.