blog Images

Қарақия ауданына қарасты мешіттерінің кітап сөрелері тексерілді

Қарақия ауданына қарасты Жетібай ауылындағы «Сүйінқара» және «Ар-Рахим» мешіттерінде тазалық жұмыстары мен кітап сөрелерінің жағдайы тексерілді.

Тексеру барысында мешіттердің ішкі тазалығы, кітаптардың орналасуы және Муфтият баспасынан шыққан діни әдебиеттердің реттелуі назарға алынды. Кітап сөрелеріндегі басылымдар жүйеленіп, жамағатқа қолжетімді әрі тәртіппен орналастырылды.

Аталған жұмыстарды Қарақия аудандық мешітінің наиб имамы Бағжан Өмірзақұлы бақылап, мешіт қызметкерлеріне тиісті ескертулер мен ұсыныстарын жеткізді.