«Рамазан сыйы»:50 отбасыға қайырымдылық көмек берілді
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының қолдауымен Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Рамазан сыйы» қайырымдылық шарасы өтті.
Қасиетті Рамазан айының соңына тұспа-тұс келіп, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы мен Амал мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған игі шара барысында 50 отбасыға күнделікті тұтынуға қажетті азық-түлік қораптары берілді. ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының басшысы Мақсатбек Мақсатұлы қайырымдылық көмекті табыстап, көмек алған жандарға ақжарма тілегін жеткізді.
Шараның басты мақсаты – қасиетті Рамазан айында мұқтаж жандарға қолдау білдіріп, қоғамда қайырымдылық пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.
Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы барша жанды Рамазан айымен құттықтап,қайырымдылық шарасы алдағы уақытта да жалғасын табатындығын айтты.

