blog Images

«Ел үлесі-пәтерге»:Рамазан айында 3 отбасы баспаналы болды

ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының қолдауымен «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық жобасы аясында үш отбасыға жаңа баспана табысталды.

Қасиетті Рамазан айының соңына тұспа-тұс келіп, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы мен Амал мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған игі шара барысында баспана кілттерін ҚМДБ жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының басшысы Мақсатбек Мақсотұлы табыстап, жаңа қоныс иелеріне ақжарма тілегін жеткізді. Қор басшысы өз сөзінде мұндай қайырымдылық шаралары қоғамдағы өзара мейірім мен бауырмалдықты арттырып, мұқтаж жандарға үлкен қолдау болатынын атап өтті.

Сондай-ақ жаңа пәтерге ие болған отбасылар демеушілер мен ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, елге амандық пен береке тіледі.