blog Images

Облыстық мешітте жамағат арасында Құран сайысы өтті

ҚМДБ Діни оқу-ағарту бағыты аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен  жамағат арасында облыстық  Құран сайысы өтті.

Сайыс қатысушылары «Дұха» сүресінен бастап «Нас»сүресіне дейінгі сүрелер бойынша бақ сынады. Рухани шараның мақсаты – Құран Кәрімді жаттауға ынталандыру, жамағат арасында Құранға деген сүйіспеншілікті арттыру және діни білімді насихаттау.

Нәтижесінде жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

І орын – Әбдірамсейтов Ғалымжан (50 000 теңге);

ІІ орын – Еркебұлан Қыдырбай (30 000 теңге);

ІІІ орын – Мубарак Жасұлан (20 000 теңге).

Жеңімпаздар арнайы қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Құран сайысы жамағаттың рухани бірлігін нығайтып, қасиетті Құранды оқып-үйренуге деген ынтасын арттыруға бағытталған тағылымды шара болды.