Баянды ауылдық мешітінде ҚМДБ құжаттары насихатталды
Баянды ауылдық мешітінде жамағатқа ҚМДБ тарапынан бекітілген «Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеу және ас беру мәдениеті » құжаты таныстырылып, насихат жұмыстары жүргізілді.
Жиында мешіттің бас имамы Саламат Айтбайұлы құжаттың негізгі талаптарына тоқталып, құдайы ас беруде ысырапшылдыққа жол бермеудің маңыздылығын түсіндірді.
Сондай-ақ ас мәзірін тиімді ұйымдастыру, дастарқан басында қарапайымдылықты сақтау және құдайы астың негізгі мақсаты марқұмға дұға бағыштап, сауап жасау екенін атап өтті.
