«Ар-Рахим» мешітінде ҚМДБ құжаттары насихатталды
Мұнайшы ауылдық «Ар-Рахим» мешітінде жамағатқа ҚМДБ қабылдаған «Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеу және ас беру мәдениеті» құжаты мен ережелері түсіндіріліп, насихат жұмыстары жүргізілді.
Жиын барысында мешіттің бас имамы Заир Мұхаммедюсуфұлы ҚМДБ тарапынан бекітілген құжаттың негізгі бағыттарына тоқталып, құдайы ас беруде ысырапшылдыққа жол бермеудің маңыздылығын жеткізді.
Сондай-ақ ас мәзірін тиімді ұйымдастыру, дастарқан басында қарапайымдылықты сақтау және құдайы астың негізгі мақсаты марқұмға дұға бағыштап, сауап жасау екенін атап өтті.
