blog Images

Маңғыстау аудандық мешітінде 10 отбасыға қайырымдылық көмек берілді

Бүгін Маңғыстау аудандық мешітінің ұйымдастыруымен әлеуметтік қолдауды қажет ететін 10 отбасыға қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шара аясында мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттері табысталды. Мешіт имамы Ербол  Айдарұлы отбасыларға қажетті азық-түлік өнімдерін  жеткізіп, қайырымдылық көмегін көрсетті.

Шараның мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолдау білдіріп, қоғамда өзара жанашырлық пен мейірімділік құндылықтарын дәріптеу.

Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгілік. Жақсылық жасау арқылы қоғамдағы бауырмалдық пен бірлікті нығайту – баршамызға ортақ міндет.