«Ар-Рахман»мешітінде «Құдайы аста ысырапқа жол бермеу»құжаты насихатталды
Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде мешіт жамағатының қатысуымен ҚМДБ-ның «Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеу» құжатын түсіндіру және насихаттау жиыны өтті.
Кездесу барысында құдайы ас өткізуде қарапайымдылықты сақтау, орынсыз шығынға жол бермеу және ас мәзірін тиімді ұйымдастыру мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар жұма намазына келген жамағатқа ысырапшылдықтың алдын алу мақсатында тағамдар тізімі көрсетілген арнайы нұсқаулық кітапшалар таратылды.
Жиынның мақсаты – ас беру мәдениетін қалыптастырып, ысырапшылдықтың алдын алу және діни құндылықтарға сай қарапайымдылықты насихаттау.
