blog Images

«Әл-Хаким»мешітінде ҚМДБ құжаттарын насихаттау жиыны өтті

Қызылтөбе ауылдық «Әл-Хаким» мешітінде ҚМДБ әзірлеген маңызды құжаттарды жамағат арасында кеңінен насихаттау мақсатында түсіндіру жиыны өтті.

Жиын барысында мешіттің бас имамы Дінмұхаммед  Шындәулетұлы жамағатқа екі маңызды құжаттың мазмұны мен мәнін таныстырды. Атап айтқанда, «Қазақ халқының дәстүрінде және ислам дінінде отбасы құндылығы тұғырнамасы» және «Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеу (тәртібі мен мәзірі)» құжаттарының негізгі бағыттарына тоқталды.

Мешіт имамы отбасы құндылықтарын сақтау, ұлттық дәстүр мен ислам қағидаларының сабақтастығын нығайту, сондай-ақ құдайы ас беруде қарапайымдылықты ұстанып, ысырапшылдыққа жол бермеудің маңызын түсіндірді.

Тағылымды кездесуге мешіт ақсақалдары мен жамағаты қатысып, көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасты.