Облыстық мешітте жамағат арасында Құран сайысы өтті
ҚМДБ Діни оқу-ағарту бағыты аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен жамағат арасында облыстық Құран сайысы өтті.
Сайыс қатысушылары «Дұха» сүресінен бастап «Нас»сүресіне дейінгі сүрелер бойынша бақ сынады. Рухани шараның мақсаты – Құран Кәрімді жаттауға ынталандыру, жамағат арасында Құранға деген сүйіспеншілікті арттыру және діни білімді насихаттау.
Нәтижесінде жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
І орын – Әбдірамсейтов Ғалымжан (50 000 теңге);
ІІ орын – Еркебұлан Қыдырбай (30 000 теңге);
ІІІ орын – Мубарак Жасұлан (20 000 теңге).
Жеңімпаздар арнайы қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Құран сайысы жамағаттың рухани бірлігін нығайтып, қасиетті Құранды оқып-үйренуге деген ынтасын арттыруға бағытталған тағылымды шара болды.
