Маңғыстау аудандық мешітінде 10 отбасыға қайырымдылық көмек берілді
Бүгін Маңғыстау аудандық мешітінің ұйымдастыруымен әлеуметтік қолдауды қажет ететін 10 отбасыға қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі шара аясында мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттері табысталды. Мешіт имамы Ербол Айдарұлы отбасыларға қажетті азық-түлік өнімдерін жеткізіп, қайырымдылық көмегін көрсетті.
Шараның мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолдау білдіріп, қоғамда өзара жанашырлық пен мейірімділік құндылықтарын дәріптеу.
Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгілік. Жақсылық жасау арқылы қоғамдағы бауырмалдық пен бірлікті нығайту – баршамызға ортақ міндет.
