blog Images

ЖАНТ мүшесі жазасын өтеушілермен кездесті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында ЖАНТ мүшесі,»Әль-Хаким» мешітінің бас имамы Шәденов Айғабыл ДәуірханұлыМаңғыстау облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты түзету мекемесіне барып, жазасын өтеуші азаматтармен кездесті.

Бас бостандығынан айырылған жандармен жалпы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында жүзеге асқан іс-шара барысында Айғабыл Дәуірханұлы «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбында ғибратты  уағыз-насихат айтып,тұщымды ойларымен бөлісті.