blog Images

Оразмағанбет ахун мешітінің ауласына тазалық жұмыстары жүргізілді

Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахун» мешітінде тазалық жұмыстары жүргізілді.

Игі іс аясында мешіт аумағы тазартылып, айналаны ретке келтіру жұмыстары атқарылды. Тазалық – мұсылмандықтың маңызды құндылықтарының бірі. Құлшылық орнын таза ұстау және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарау – баршаға ортақ міндет.

Мұндай игі жұмыстар мешіт аумағының тазалығын сақтауға және жамағатқа қолайлы жағдай жасауға бағытталған.