ЖАНТ мүшесі «Сәби Атабайұлы»мешітінде насихат айтты
ЖАНТ мүшесі,Теңге ауылдық «Қосай ата»мешітінің бас имамы Бахарамұлы Нұрмұхаммед «Сәби Атабайұлы» мешітінде өткен айлық жиынға қатысып, жамағатқа тағылымды уағыз-насихат айтты.
Кездесу барысында қасиетті Құранға деген сүйіспеншілік, Құранды дұрыс әрі қатесіз оқудың маңызы және оның аяттарын өмірде амал ету мәселелері сөз болды. Сонымен қатар Құранның адам жүрегіне берер рухани әсері, ізгілікке бастайтын өнегесі мен мұсылманның күнделікті өміріндегі орны жөнінде ғибратты әңгімелер айтылды.
Уағыз барысында жамағатқа Құранды тек оқып қана қоймай, оның мағынасына үңіліп, ондағы насихаттарды өміріне үлгі етудің маңыздылығы түсіндірілді.
Тағылымды кездесу жамағаттың діни білімін арттырып, қасиетті Құранды үйренуге, оны дұрыс оқып, амал етуге деген ынтасын арттыруға бағытталды.
