«Шаңырақ»мешітінде әйел-қыздар арасында білім сайысы өтті
Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінде әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Мүлік» сүресін жатқа оқу бойынша рухани танымдық сайыс өтті.
Іс-шараның мақсаты – әйел жамағатын Құран Кәрімді тұрақты оқып, жаттауға ынталандыру, жаттаған сүрелерін бекіту және тәжуид ережелерін дұрыс қолдану дағдыларын жетілдіру.
Жарыс барысында қатысушылар «Мүлік» сүресін жатқа айтып, Құран аяттарын дұрыс әрі көркем оқуға мән берді.
Жарыс қорытындысы бойынша:
І орын – Изтлеуова Жібек (40 000 теңге)
ІІ орын – Тұрғанбайқызы Таңшолпан (30 000 теңге)
ІІІ орын – Аразмұханбетова Дана (20 000 теңге)
Жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтармен қатар естелік сыйлықтар табысталып, жарысқа қатысқан барлық әйел жамағатына арнайы сыйлықтар берілді.
Шараны ұйымдастырып, қатысушыларға бағыт-бағдар берген ұстаз Жеделбай Алуа Сакенқызына және жарысқа белсенді қатысқан барша жамағатқа алғыс білдіреміз.
Рухани сайыс әйел жамағатының Құранға деген сүйіспеншілігін арттырып, қасиетті Кітапты үйренуге деген ынтасын күшейтті.
