ЖАНТ мүшесі “Ар-Рахман” мешітінде уағыз айтты
“Ислам және дәстүр құндылығы” жылы аясында ЖАНТ мүшесі,”Әль-Хаким” мешітінің бас имамы Шәденов Айғабыл Дәуірханұлы Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінің жамағатымен жүздесіп,”Дін мен дәстүр” тақырыбында уағыз-насихат айтты.
« Дініміз бен дәстүрімізге берік бола алсақ қана елдігімізді сақтап,дербестігімізге ие болып қаламыз.Дәстүрлі діннен,ділі мен тілінен,әдет-ғұрпынан ажыраған елдің болашағы жоқ.Сол үшін рухани құндылықтарымызды құнттай білгеніміз жөн» – деді мешіт имамы. Дін мен дәстүр сабақтасығын түсіндіре отырып,сұрақ-жауаппен өрбіген кездесу барысында жамағат сұрақтарына жауаптарын алып,ой бөлісті.
