blog Images

ЖАНТ мүшесі «Ар-Рахман» мешітінде уағыз айтты

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында ЖАНТ мүшесі,Ақтау қалалық» Ержан Хазірет» мешітінің наиб имамы Ғабит Әбдіғаппарұлы Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылдық «Ар-Рахман» мешітінде  «Қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеті» тақырыбында уағыз-насихат айтты.

Ғабит Әбдіғаппарұлы жамағатқа қасиетті Рамазан қайтсе пайдалы әрі сауапты өткізудің жолдарын жеткізіп,қасиетті Рамазан айында тақуалыққа аса қатты мән беруді үгіттеді. Кездесу соңында жамағат сұрағына кезек беріліп, Оразаға қатысты өзекті сауалдардың жауабы айтылды.