ЖАНТ мүшелері “Әль-Хаким” мешітінде рухани жиында уағыз айтты
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылдық «Әль-Хаким» мешітінің ұйымдастыруымен жамағатпен айлық отырыс өтті.
Мешіт жамағатының ауызбіршілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған жиынға ЖАНТ мүшелері “Мұстафа” мешітінің имамы Айғабыл Дәуірханұлы,”Ар-Рахман” мешітінің имамы Қайрат Қошкелдіұлы,”Төлей ишан” мешітінің имамы Құралбайұлы Наурызбай,”Баянды” ауылдық мешітінің имамы Түгелбайұлы Саламат қатысып, “Дін мен дәстүр”, “Қазақ халқының салт-дәстүрлері” тақырыбында уағыз-насихат айтылды.


