Жаңаөзенде ысырапшылықтың алдын алу мақсатында 500 ақпараттық парақшасы таратылды
Жаңаөзен қалалық орталық «Әбіш Қожа» мешіті тарапынан ысырапшылықтың алдын алу және дастарқан мәдениетін қалыптастыру мақсатында арнайы ақпараттық парақшалары дайындалды.
Игі бастама аясында тұрғындар арасында 500 дана ақпараттық парақшасы таратылды. Ақпараттық материалдарда ас беру кезінде ысырапқа жол бермеу, дастарқан мәдениетін сақтау және игі дәстүрлерді ұстанудың маңыздылығы насихатталды.
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда үнемшілдік мәдениетін қалыптастырып, ас беру рәсімдерін шариғат талаптары мен ұлттық дәстүрге сай өткізуге үндеп, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
