Сайын Шапағатов ауылында той мәдениеті мен ас беру тәртібі талқыланды
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданына қарасты Сайын Шапағатов ауылдық мешітінде «Той дарақылық емес, садақа ысырапшылдық емес» тақырыбында жиын өтті.
Жиынға Түпқараған ауданының бас имамы Серікболат Бежен, Ақшұқыр ауылдық мешітінің имамы Абдуғаппар Мақсутов, сондай-ақ ауданның ақсақалдары мен әжелері қатысты.
Кездесу барысында той өткізу мәдениеті, ас беру әдебі және ысырапшылдықтың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен «Құдайы аста ысырапқа жол бермеу (тәртібі мен мәзірі)» құжатының мазмұны түсіндіріліп, оны халық арасында кеңінен насихаттаудың маңыздылығы айтылды.
Жиынның негізгі мақсаты – ұлттық дәстүр мен діни құндылықтарды сабақтастыра отырып, қоғамда қарапайымдылық пен үнемшілдікті қалыптастыру, той мен ас беру рәсімдерін ысырапсыз өткізу мәдениетін насихаттау.
