blog Images

Жаңаөзен қаласының әкімімен кездесу өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Жаңаөзен қаласы орталық «Әбішқожа» мешітінің бас имамы Тулемаганбетов Қажымұқан Далубайұлы және «Қосай ата» мешітінің имамы Бахарамұлы Нұрмұхаммед   Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Исаханұлымен кездесу өтті.

Кездесу барысында қаладағы діни ахуал, әлеуметтік жағдай және мешіттердің жай-күйі, халықты имандылық жолына бағыттау, жастар тәрбиесіне көңіл аудару сынды келелі мәселелер талқыланды.Сонымен қатар, алдағы келе жаткан Құрбан айт мерекесін өткізу жайлы сұхбат өтті.