blog Images

Жаңаөзен қаласына қарасты барлық мешіттерде «Пәтуа сағаты» жүргізілуде

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Жаңаөзен қаласына қарасты барлық мешіттерде «Пәтуа сағаты»  тұрақты түрде жүргізілуде.

Аптасына жұма намаздан кейін өткізілетін дәрістің басты мақсаты – көпшілікке дұрыс діни ақпарат беру, жат ағымның алдын алу.

Дәріс барысында мешіт жамағаттары  өздерін толғандырған шариғи мәселелер мен тағат-ғибадат, сенім, таным мәселелері бойынша ҚМДБ пәтуалары негізінде жауап ала алады.Жиналған жамағатқа пәтуаларды жеткізіп,сұрақтарға жауап берілуде.