blog Images

Жаңаөзен қаласына қарасты барлық мешіттер Қадір түнін қарсы алды

Қасиетті Құран Кәрімде «мың айдан да қайырлы» деп дәріптелген Қадір түні – исі мұсылманның сағына күтер сәті. Бұл түнгі құлшылықтың сексен үш жылға тең келетінін білмейтін мұсылман кемде-кем болар… Сол үшін де жылына бір-ақ берілетін ұлы мүмкіндікті мұсылман қауымы құр жіберіп алмай, қапысыз дайындықпен өткізуге тырысады. Алланың үйі мешітте бас қосып, алақан жайып, Алладан дұға тілейді. Маңдайын сәждеге тигізіп, таң рауандап атқанша құлшылығын жалғастырады.

Жаңаөзен қаласына қарасты барлық мешіттерде  қадір кеші ерекше аталып өтті.Рамазан айының құрметіне оқылатын тарауық намазында ай бойы Құран хатымы оқылған болатын.Мыңдаған мұсылман жамағаты бір үйдің баласындай бірлікпен сап түзеп, тарауих намазын оқып болғасын,мешіттерде Қадір түні соңғы парасы оқылып, дұғасы жасалды.

Хатым түсірген қариларға  құрмет көрсетіліп, еңбегі үшін жамағат алғыс айтып,Умра сапарына жолдама тарту етілді.