blog Images

Жаңаөзен мешіттерінде саяси қуғын-сүргін құрбандарына Құран бағышталды

Бүгін  Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінде қала әкімінің қатысуымен 31 мамыр – ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарындарына ,шейіт болған марқұмдарға ,бабалар рухына Құран бағышталды.

Өткен тарихты ұмытпау, ұлт басынан өткен елеулі оқиғаларды жадында сақтау — ұрпақ міндеті.Бұл үрдіс Жаңаөзен қаласына қарасты «Қосай ата» және «Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы» мешітінде де жалғасын тауып,дін қызметкерлері мен мешіт  жамағаты жазықсыз жапа шеккендердің рухына Құран хатым дұғасы жасалып, Алладан ел амандығын мен жұрт тыныштығын тіледі.