Жаңаөзен мешіттерінде «Хадистану ілімі» курстары ашылды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының 2024жылға арналған бағдарлық баяндамасында Діни білім және кадр дайындау бөлімі бойынша Хадистану ілімі курстарын ашуды тапсырған болатын.Осы орайда,Жаңаөзен қаласына қарасты барлық мешіттерде Хадистану курстары ашылды.
Хадистану курсы бойынша ерлерге және кыз-келіншектерге арнайы курс ашылып, дәрістер жүргізілуде.Курс барысында «Діни оқу-ағарту» бағытының бағдарламасы аясында хадис ілімі, Құран және тәжуид, Ислам тарихы және дін мен дәстүр пәндері жүргізіледі.