blog Images

Жамағатқа “Рамазан айына байланысты сұрақ-жауап” кітабы таратылды

“Ислам және дәстүр құндылығы” жылы аясында қасиетті Рамазан айында Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінде жамағатқа “Рамазан айына байланысты сұрақ-жауап” кітабы  тегін таратылды.

Жамағаттың діни сұрақтарына жауап беру мақсатында өткен шарада облыс бас имамы :  “«Muftyat» баспасынан шыққан  оразаға қатысты көп қойылатын сұрақтар жауабы жинақталған кітапшаны жамағатқа ұсынып отырмыз,осындай игі мақсаттағы қайырымдылық шаралары Рамазан айы бойы жалғасын табатын болады.Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!”,-деді.