Жамағат арасында волейболдан облыстық турнир өтті
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Мұнайлы аудандық мешітерінің ұйымдастыруымен VOLLEYBALL CUP жастар және спорт мешіт жамағаттары арасында волейболдан облыстық турнир өткізілді.
Жалпы турнирге Ақтау қаласынан,Мұнайлы ауданы,Бейнеу ауданы,Түпқараған ауданы,Маңғыстау ауданы,Жаңаөзен қаласынан 8 команда қатысып бақ сынады.Жастар секторының ұйымдастыруымен өткен турнир Мұнайлы ауданында өткізілді.Мешіт жамағаттары арасында ұйымдастырылған бәсеке тартысты өтті.
Жарыстың қорытынды нәтижесі бойынша:
Жүлделі 1-орын:Бейнеу командасы,2-орын:Мұнайлы ұстаздары,3-орын:Әбіш қожа мешіті иеленіп,арнайы сыйлытқармен марапатталды.
«Спорттың ислам дінінде алар орны ерекше. Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлем болсын) «Күшті мұсылман әлсіз мұсылманнан абзалырақ» деген. Сондықтан бүгінгідей ойынның баршамызға берер сауабы мол деп ойлаймын. Алдағы уақытта спорттық сайыстарды жиі ұйымдастырып тұруға тырысамыз!» – деді сөзінде облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы.