Жамағат арасында облыстық «Әуезді азаншы «атты сайыс өтті
ҚМДБ «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Әуезді азаншы «атты жамағат аралық азан айтудан облыстық сайыс өтті.
Мешіт жамағатының діни білімге, Мұхаммед Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетіне деген ықыласын арттыру мақсатында өткен сайыста 20-да астам үміткер қатысып, бақ сынады.
Облыстық орталық мешіттің наиб имамы Жұмабай Жұмырбаев сөз алып,мұндай тәлімі мол сайыстар жамағаттың шеберлігін шыңдайтындығына айрықша тоқталды.Жарыстың қорытындысы бойынша :1-орын :Ырысқалиев Талғат,2-орын:Амин Бекнұр,3-орын:Киікбайұлы Қасымхан иеленіп арнайы марапатқа ие болды.
Кейде жай әуезді әуен екен деп қабылдаймыз. Кейде мән бермейміз. Ол Иманның әсілін, Исламның болмысын қамтиды, яғни құдірет те, күш те, басқару да, билік те, әр бір істің тағдыры қамтуында болған Алланы бүкіл нәрселерден ұлықтайды. Сол арқылы адамдарды тек Аллаға құлшылық қылуға, Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) соңынан ілесуге шақырады. Азаншы әрбір кісіні намазға, бақытқа бастар жолға яғни сені Аллаға жолықтырар сәтке шақырады. Біле білсек, азан Аллаға ұнайтын сөздің ең сүйкімдісі екенін ұмытпауымыз керек.