«Ыбырайым ахун» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті
Бейнеу аудандық «Ыбырайым ахун» мешітінде аудан тазалығы үшін күнделікті еңбек етіп жүрген көше тазалықшыларына арналған қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Игі шара барысында еңбегі еленген тазалықшылардың 15 отбасына қажетті азық-түлік себеттері табысталды. Қоғамның тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосып жүрген еңбек адамдарына көрсетілген бұл қамқорлық олардың еңбегіне деген құрметтің белгісі болды.
Шара соңында қайырымдылық көмекке ие болған азаматтар ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдіріп, ақжарма тілектерін жеткізді.
