blog Images

«Ыбырайым ахун» мешіті:»Құран түскен құтты ай» атты сайыс өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Бейнеу аудандық «Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешітінде «Құран түскен құтты ай» атты  шәкірттер арасында Құран сайыс өтті.

Рамазан – Құран айы. Алланың ақырғы Елшісінің (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) бір хадисінде «Сендердің ең жақсыларың, Құранды үйреніп оны өзгелерге үйреткендерің» депті. Шындығында да, асыл діннің қайталанбас құндылығы, екі дүние бақытының баяны Құран Кәрімді насихаттау – әрі сауапты, әрі жауапты үрдіс.Шәкірттер арасында діни сауаттылықты арттыру мақсатында өткенн сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаз атанған шәкірттерге арнайы сертификаттар мен сыйлықтар берілді.