blog Images

«Ыбырайым ахұн» мешіті:Балалар күніне орай мерекелік тәттілер таратылды

Бүкіл әлемде 1-ші маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіп, ескі халықаралық мейрамдардың бірінен саналады.

Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет — болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.

Осы орайда,Бейнеу аудандық «Ыбырайым ахұн» мешітінің ұйымдастыруымен ерекше балалардың көңілдерін көтеру үшін 100 балаға  тегін балмұздақтар таратылды.