blog Images

Ұстаз Нұрәлі Бақытұлы медресе шәкірттерімен кездесті

Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұрәлі Бақытұлы арнайы іссапармен Маңғыстау  облысында болды.

Нұрәлі Бақытұлы  Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылдық  медресесінде білім алып жатқан шәкірттермен жүздесіп, сұхбат құрды.Кездесу барысында  жастарға дінге қызмет ету, туған жерге еңбек сіңіру турасында және білім алу бағытында уағыз-насихаттар айтты. Кездесу барысында Нұрәлі Бақытұлы   шәкірттермен ашық пікір алмасып, діни ахуал,білім бағытында сұхбат жүргізді. Өз кезегінде шәкірттерді асыл дініміздің дамуына үлес қосуға шақырып,өз батасын берді.