blog Images

Ұстаз Алау Әділбаев облыстық мешіт жамағатымен кездесті

“Ислам және дәстүр құндылығы” жылы аясында  белгілі дінтанушы PHD, ғалым,ұстаз Әділбаев Алау Шайқымұлы Маңғыстау облысына арнайы іс-сапармен келді.Аталмыш іс-сапар барысында Алау Шайқымұлы Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінің жамағатымен жүздесті.

Кездесу барысында Алау Шайқымұлы “Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп” тақырыбында уағыз-насихат айтып,ұлы  ортақ құндылығымыз бола тұра мұсылманның бір-бірімен бауыр бола алмауы ақылға да, қисынға да теріс екендігін айтып бауырмашыл болуға шақырды.