Ұстаз Алау Әділбаев имамдарға семинар өткізді
“Ислам және дәстүр құндылығы” жылы аясында белгілі дінтанушы PHD, ғалым,ұстаз Әділбаев Алау Шайқымұлы Маңғыстау облысына арнайы іс-сапармен келді.Аталмыш іс-сапар барысында Алау Шайқымұлы Маңғыстау облысының имамдарына “Құран мен сүннеттің үндестігі және дінде дәлел болуы” тақырыбында семинар өткізді.
Сондай-ақ,”Қазақ халқы және ислам өркениеті” тақырыбында дәріс жүргізіп,семинар барысында дәстүрлі дініміздің мән-мағынасына тереңірек үңіле отырып, дінімізді қазақы дәстүрлерімізге ұштастырып, әдет-ғұрып пен салтымызға ерекше мән берілу қажеттілігі айқындалды.
Сонымен қатар, семинар барысында имамдар мен ұстаздар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.






