blog Images

«Үлкенге құрмет-кішіге ізет» атты айлық жиын өтті

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Жаңаөзен қалалық «Әбіш қожа» мешітінің жастарының ұйымдастыруымен «Дін мен Дәстүр»  бағыты аясында «Үлкенге құрмет -кішіге ізет» атты айлық отырыс өтті.

Шарада жастарға бағыт бағдар беріп жастарға өз кеңесін насихатын айтып жүрген ағаларымызға құрмет көрсететіліп иығына шапан жабылды.Сонымен қатар, жастар  ұлттық аспап домбыра тартып,өз өнерлерін көрсетті.

«Әбіш қожа» мешітінің наиб имамы Әбділмүтәліп Жорақұлұлы  сөз алып:»Халқымызда «Үлкенге — құрмет, кішіге – ізет» деген мақал бар. Бұның өзі өсіп келе жатқан әрбір жас ұрпақты имандылыққа, мейірім — қайырымдылыққа тәрбиелеу. Адам бойында жақсы – жаман қасиеттер болады. Біздің халқымызда үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуға бала кезден көп көңіл бөлінеді. Ол ананың сүтінен, үлкеннің ақылынан, ұстаздың үйреткенінен, кез келген адамның кісілігінен білінеді. Әнәс ибн Мәликтен (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі (с.а.у.) «Алла Тағала үлкеннің жасын сыйлап, құрмет көрсеткен жастарға, қартайған шағында өзіне де дәл солай құрмет көрсетіп, қызмет ететін жасты кез қылады» деген. Осы хадисті аталарымыз «Құрмет етсең — құрмет көресің» немесе «атаңа не жасасаң — алдыңа сол келеді» деген мақал сөздермен түсіндірген»,-деп жиналған жамағатқа уағыз-насихат айтты.