Түпқараған ауданында Мәуліт кеші өтті
Түпқараған аудандық мешітінің ұйымдастыруымен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің(с.ғ.с) туған айына орай «Сүйікті Пайғамбарымыз – үмбетке өнеге» атты тағылымды Мәуліт кеші өтті.
Жиынға мешіт имамдары,зиялы қауым өкілдері,мешіт жамағаты қатысты.
Рухани кешке Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы қатысып, жамағатты Мәуліт айымен құттықтап, Пайғамбарымыздың өнегелі өмірі мен көркем мінезі жайында насихат айтты.
Сонымен қатар, ҚМДБ РАНТ мүшесі ,Жандос Ырысбаев қатысып, «Пайғамбарымыздың отбасындағы қарым-қатынасы» тақырыбында тағылымды насихат жүргізді.
Кеш барысында Пайғамбарымыздың өмір жолын дәріптейтін Мәуліт жырлары оқылып, тәрбиелік мәні зор қойылымдар көрсетілді. Дәстүрлі өнерімізді дәріптеген домбырашылар жыр орындап, рухани кештің мазмұнын аша түсті.
Сондай-ақ облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің азаншысы Әли Қазақ арнайы Мәуліт жырын оқыды.




