«Төлей ишан» мешіті:«Аталар мектебінің» жиыны өтті
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Басқұдық ауылдық «Төлей ишан» мешітінде «Аталар мектебінің» алқалы жиыны өтті.
Аталар мектебі жобасы аясында өткен жиынға мешіттің ақсақалдар алқасының мүшелері,ауыл ақсақалдары қатысты. Жиында арнайы алғы сөзді алған мешіт имамы ақсақалдардың қоғамдағы мәртебесі жөнінде сөз қозғап, аталар институтының орны айрықша екендігін тілге тиек етті.
Шараның басты мақсаты қазақ отбасының қазынасы саналатын қариялардың өнегесі арқылы жас буынды өнеге мен ізгілікке тәрбиелеу.
Жиында жаңа бастамаға ақсақалдар қауымы қолдау білдіріп, Құран оқылып, дұға жасалды.