blog Images

«Таза Қазақстан» акциясы: Маңғыстау облыстық мешітінде сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» экологиялық  акциясы аясында  Маңғыстау    облысының  Дін істері басқармасы және Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінің ұйымдастыруымен  сенбілік өтті.
Сенбілік жұмысқа құлшылық үйінің қызметкерлерімен бірге,Маңғыстау облысының дін істері басқармасының қызметкерлері, жергілікті еріктілер де белсенділікпен атсалысты.Тазалық жұмыстары облыстық мешіттің  сыртқы ауласын қамтыды.Тазалық шарасында әдеттегідей арық көдері тазаланып,  мешіт ауласы қоқыстан тазартылды.

Исламның әліппесі тазалықтан басталады десек, бұл жұмыстар алдағы уақытта тұрақты жүргізілетін болады. Мешіт ғимаратының жақсы күтіммен сақталуы сіз бен біздің мерейіміз. Себебі, мешіт – Жаратушы Иеміздің жер бетіндегі қасиетті үйі.