blog Images

«Таза Қазақстан» акциясы аясында облысқа қарасты барлық мешітте сенбілік өтті

Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Маңғыстау облысына қарасты барлық мешіттер ауласында сенбілік өтті.

Мешіт қызметкерлері,мешіт жамағаты  акцияға бір кісідей ат салысып, мешіттің ауласын қоқыстан тазартты. Тазалық жұмыстарына атсалысқан жандар экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен халықтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында алдағы уақытта да осындай абаттандыру жұмыстары жүргізіліп отыратындығын айтып өтті.