blog Images

Сүйінші! “Ақтау-Бекет ата” маршруты іске қосылды

Маңғыстау облысында мәдени-тарихи туризмді дамыту мақсатында«Ақтау – Бекет ата – Ақтау» бағытындағы жаңа туристік маршруттың салтанатты ашылу рәсімі өтті. 

ҚМДБ-ның “Darhan Dala” отандық ішкі  туризмді дамыту жоспарына сәйкес облыстық “Бекет ата” мешітінен шығып,”Шопан ата” жер асты мешітіне аялдап,одан соң Оғыландыдағы “Бекет ата” қорымына зиярат етуге барушыларға арналған Маңғыстаудағы алғаш жоба. Облыс бас имамы алдағы уақытта зиярат етушілерге ҚМДБ-ның жарық көрген “Зират және зиярат” мәдениеті, зиярат етудің әдебі аудио-бейне түрінде автобус ішіндегі  теледидарға орнатылатындығын ,сондай-ақ дін қызметкерлері зиярат етушілерге жолбасшы қызметін атқаруды жоспарға алғандығын жеткізді.Ақ тілектер айтылған ізгі шарада  рухани орынға сапарға шығатын жолаушылар үшін  облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы  батасын беріп, аман барып,  есен келулері үшін дұға жасап,құтты қадам тілесті.

Жаңа бағыт аясында туристік автобус аптасына жеті күн бойы үздіксіз қызмет көрсетеді. Жолаушыларды тасымалдау үшін сыйымдылығы 51 орындық, жайлы және заманауи Yutong маркалы автобустар пайдаланылады. Автобустарда сапардың ұзақтығын ескере отырып, санитарлық торап (дәретхана) қарастырылған.

Маршруттың бастапқы нүктесі – Ақтау қаласының 26-шағынауданында орналасқан облыстық орталық «Бекет ата» мешіті жанындағы автотұрақ. Автобус таңғы сағат 07:00-де жолға шығып, Оғыландыдағы «Бекет ата» мешітіне жеткізеді. Қайтар уақыт сол күнгі кешкі сағат 17:00-ге белгіленген.